Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

Футболға болжам үшін iPad A16 ал. Өту
Ислам Махачевтің жекпе-жегіне 30% кэшбэк! Өту
Olimpbet Видеореп

3 күн бұрын

Футболдан Қазақстан құрамасы сенсация жасады

Футболдан Қазақстан құрамасы сенсация жасады

Футболдан 2026 жылғы Әлем чемпионатына іріктеу кезеңі аясында Қазақстан құрамасы Бельгиямен тең түсті, деп хабарлайды Sport12.kz

Бірінші тайм бір голмен аяқталды. 9-минутта Дастан Сатпаев орталық шептегі қателікті сәтті пайдаланып, есеп ашты. Үзіліске дейін екі қақпада да көптеген сәттер болды. Алайда Темірлан Анарбеков тамаша ойнап, қақпасын аман сақтады.

Екінші таймның басында Ханс Ванакен баспен жасаған соққысымен есепті теңестірді. 79-минутта Ислам Чесноков аяғымен Жереми Докуға өрескел ойнап,, тікелей алаңнан қуылды. Қалған уақытта қазақстандықтар қорғаныста ойнап, тең есепке қол жеткізді. Қорытынды есеп: 1:1.

Қазақстан — Бельгия 1:1 (1:0)

Голдар: Сәтпаев 9 (1:0), Ванакен 48 (1:1)

Қуылған ойыншы: Чесноков 79

Осылайша, Қазақстан 2026 жылғы Әлем чемпионатының іріктеуін 8 ұпаймен және J тобында төртінші орынмен аяқтады.



Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас