1 күн бұрын
Дастан Сәтпаев Қазақстанның рекордын жаңартты
Дастан Сәтпаев Қазақстан құрамасы сапында гол соққан ең жас футболшы атанды, деп хабарлайды Sport12.kz.
Әлем чемпионатына іріктеу аясындағы өз алаңындағы матчтың 9-шы минутында Сатпаев Бельгия қақпасына гол соғып, Астанадағы кездесудің есебін ашты. Дебюттік гол сәтінде шабуылшының жасы — 17 жыл, 3 ай, 3 күн болды.
Осыған дейінгі рекорд Еркебұлан Сейдахметке тиесілі еді. Ол 2018 жылдың 23 наурызында Венгрия қақпасына гол соққан кезде 18 жас 1 ай 19 күнде болған.
Айта кетейік, 2026 жылғы әлем чемпионатының іріктеу кезеңі аясында Қазақстан құрамасы өз алаңында Бельгиямен 1:1 есебімен тең ойнады.
Осылайша жігіттеріміз J тобындағы ойындарын аяқтап, 8 ұпаймен 4-орынға тұрақтады.
Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас
Қанат Байұзақов