Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

Футболға болжам үшін iPad A16 ал. Өту
Ислам Махачевтің жекпе-жегіне 30% кэшбэк! Өту
Olimpbet Видеореп

6 күн бұрын

Футболдан Қазақстанның жасөспірімдер құрамасы сенсация жасады

Футболдан Қазақстанның жасөспірімдер құрамасы сенсация жасады

Футболдан 17 жасқа дейінгі ұлттық құрама өз тарихында алғаш рет Еуропа чемпионатының алғашқы іріктеу кезеңінен өтті, деп хабарлайды Sport12.kz

Отандастарымыз өз тобындағы шешуші ойында Албанияны 2:1 есебімен жеңіп кетті. Қазақстан құрамасының сапынан 21-минутта Роман Черноморец және 58-минутта Абылай Жылқайдар гол соқты. Ал албаниялықтардың сапынан тек Арменд Муслики 90+5 минутта есепті қысқарта алды.

Еске сала кетейік, Қазақстан жасөспірімдер құрамасы Еуропа чемпионатының алғашқы іріктеу раундын Хорватияны 2:1 есебімен жеңіп, артынша Нидерландтан 1:4 есебімен есе жіберген еді.

Енді 14 топқа бөлінген топтық кезеңнен тек 2 командадан шешуші кезеңге өтеді.

Еуропа чемпионатының финалдық кезеңін 2026 жылы Эстония қабылдайды.



Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас