23 сағат бұрын

Криштиану Роналду өз мансабындағы 954 голын салды

Криштиану Роналду өз мансабындағы 954 голын салды

Фото: zamin.uz

Белгілі шабуылшы Криштиану Роналду өз мансабындағы 954 голды Сауд Арабиясының «Аль-Наср» командасы сапында «Аль-Халидж» қақпасына салды, деп хабарлайды Sport12.kz. 

Ойынның 96-минутында ол әірптесі Наваф Аль-Бушалдың берген пасын қайшылап теуіп, голға айналдыра білді.  


Футбол жұлдызы мансабында 1000 гол соғуды алдына меже етіп отыр.

Криштиану Роналду қазір Саукд Арабиясының «Аль-Наср» кәсіпқой футбол клубында 2023 жылдан бері ойын көрсетіп келеді. Оған дейін «Манчестер Юнайтед», «Реал Мадрид» және «Ювентус» клубтарының намысын қорғады. Шабуылшы 2008, 2013, 2014, 2016 және 2017 жылдарда «Алтын доп» иегері атанды.



Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас