21 сағат бұрын
Өскемендік «Алтай» жоғары лигада
2025 жыл Өскеменнің «Алтай-Өскемен» футбол клубы үшін нағыз серпіліс жылы болды. Команда маусым барысында барлық фавориттерді жолынан қағып, өз тарихында алғаш рет Қазақстан Премьер-лигасына жолдама алды.
Сонымен қатар клубтың жасөспірімдер құрамасы да жоғары нәтижеге қол жеткізді: «Алтай-Өскемен» U10 командасы Болгарияда өткен халықаралық турнирдің чемпионы атанды.
Қаланы дамыту жоспары да футболмен тығыз байланысты. Өскемен қаласының әкімі алдағы уақытта заманауи жабық стадион салынатынын мәлімдеді. Бұл бастама өңірдегі футбол инфрақұрылымын түбегейлі жаңартып, клубтың болашағына үлкен серпін бермек.
Осылайша, «Алтай-Өскемен» тек КПЛ-ға жолдама алып қана қоймай, алдағы жылдарға да үлкен мақсаттар қойып отыр.
Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас