17 сағат бұрын

«Интер» қақпасына гол салған «Қайрат» футболшысы командадан кетеді

«Интер» қақпасына гол салған «Қайрат» футболшысы командадан кетеді

Фото: «Қайрат» футбол клубы

Израильдік футболшы Офри Арад «Қайрат» сапында енді алаңға шықпауы мүмкін, деп хабарлайды Sport12.kz. 

Ақпарат көздерінен белгілі болғанындай, ол ота жасатқан. Жыл соңына дейін қалпына келеді деп болжанып отыр. Жартылай қорғаушы алматылық клубпен жаңа келісімшартқа қол қойған жоқ. Сондықтан ол маусым соңында командадан кетуі мүмкін деген әңгімелер айтылуда.

Офри Арад 1998 жылы дүниеге келген. 2017 жылдан бері өз елінің «Маккаби» (Хайфа), «Хапоэль» (Рамат-Ган) клубтарында доп тепті. 2024 жылдан бері алматылық клуб сапында ойнап келеді.

UEFA Чемпиондар лигасы негізгі кезеңі төртінші турындағы Италияның «Интер» командасы қақпасына (1:2) гол салған еді.  



Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас