17 сағат бұрын
«Динамо» дәрігері Бактиёр Зайнутдиновтың жарақаты туралы айтып берді
Фото: fcdynamo.ru
Қазақстандық футболшы Бактиёр Зайнутдинов 2025 жылдың соңына дейін жарақат салдарынан мәскеулік «Динамо» сапында Ресей Премьер-лигасында ойынға қатыса алмайды, деп хабарлайды Sport12.kz.
Футболшы РПЛ-ның 12-турындағы «Динамо» мен «Ахмат» кездесуінде жарақат алып қалды. Салдарынан ойынның екінші кезеңінде ол басқа футболшымен алмастырылды. Қазір футболшы қалпына келу шарасын өткізіп келеді. Дегенмен қысқы маусым басталғанша қалпына келе алмайды деп болжанып отыр.
Бұл жөнінде «Динамо» командасының дәрігері Александр Родионов айтып берді.
Еске сала кетейік, Бактиер Зайнутдинов 2025 жылдың жазында Түркияның «Бешикташынан» «Динамоға» ауысқан.
Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас