16 сағат бұрын

Қазақстандық маман «Спартактың» негізгі бапкерлік құрамына енді

Қазақстандық маман «Спартактың» негізгі бапкерлік құрамына енді

Фото: Spartak.com

Алматылық «Қайрат» командасының бұрынғы бапкері Вадим Боровский Ресейдің «Спартак» (Мәскеу) клубының негізгі бапкерлік құрамында дене дайындығына жауап беретін болды, деп хабарлайды Sport12.kz.  

Вадим Боровский 1986 жылы Қарағанды облысы Саран қаласында дүниеге келген. Футболшылық мансабында қарағандылық «Шахтер», «Алматы», «Атырау», «Қызылжар», «Жетісу» клубтарында доп тепті. 

2017 жылдан бері бапкерлік қызметпен айналысып келеді. Ол 2021 жылға дейін алматылық «Қайрат-Жастар», 2022 жылдан бастап Ресейдің «Спартак» жастар командасында дене дайындығы жөнінде бапкер болды. 




Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас