11 сағат бұрын

Айбар Жақсылықов «Қайсарға» ризашылығын білдірді

Айбар Жақсылықов «Қайсарға» ризашылығын білдірді

Фото: «Қайсар» футбол клубы

Семейдің «Елімай» сапына ауысқан шабуылшы Айбар Жақсылықов өзінің бұрын ойын көрсеткен «Қайсар» командасына ризашылығын білдірді, деп хабарлайды Sport12.kz.

Бұл жөнінде ол өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жазды. 

- Құрметті «Қайсар» жанкүйерлері, және клуб ұжымы бүгін мансабымдығы өз жолымды басқа бағытта жалғастыруға бел будым. Осы кезеңде мені қолдаған барлық жанкүйерлерге, бірге жұмыс істеген бапкерлерге, командадағы әрбір ойыншыға және клуб қызметкерлеріне шын жүректен алғыс айтамын. «Қайсар» мен үшін әрқашан үлкен отбасы болды, бұл жерден алған тәжірибе мен естеліктер өмірімнің ең бағалы сәттерінің бірі болып қалады. Клубқа алда тек жеңіс, команданың жаңа биіктерге жетуін тілеймін. Жанкүйерлерге – шексіз алғыс! Сіздердің қолдауларыңыз әрқашан күш берд, - деп жазды ол.


Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас