22 сағат бұрын

Италия құрамасының экс-қақпашысы Буффон өмірден өтті

Италия құрамасының экс-қақпашысы Буффон өмірден өтті

Италия құрамасының, «Милан» және «Интер» клубтарының бұрынғы қақпашысы Лоренцо Буффон 96 жасында өмірден озды, деп хабарлайды Sport12.kz

Лоренцо Буффон кенеттен жүрек тоқтауынан қайтыс болды. Осы орайда Миланның екі клубы да қақпашының құрметіне естелік жариялап, өз сайттары мен әлеуметтік желілерінде хабарлама таратты.

Буффон «Милан» құрамында 1949–1959 жылдар аралығында, ал «Интер» командасында 1960–1963 жылдары өнер көрсеткен. Оның еншісінде ел чемпионатының 5 титулы және Латын кубогының 1 жеңісі бар. Италия құрамасында Буффон 15 матч өткізіп, сол уақытта 17 гол жіберген.

Ойын карьерасын аяқтағаннан кейін ол танымал емес клубтарда бапкер болып жұмыс істеп, «Милан» клубында скаут қызметін атқарған.


Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас