5 сағат бұрын
Дастан Сәтпаев Чемпиондар лигасы негізгі кезеңіндегі алғашқы голын соқты
Қазақстандық «Қайрат» командасының жас шабуылшысы Дастан Сәтпаев футболдан UEFA Чемпиондар лигасы негізгі кезеңіндегі алғашқы голын соқты, деп хабарлайды Sport12.kz.
Ол аталған турнирдің бесінші турында сырт алаңда Данияның «Копенгаген» командасымен кездесуінде 81-минутта қақпашының қателігін шебер пайдалана білді.
Оған дейін даниялық клуб сапынан Виктор Дадасон 26, Джордан Ларссон 59, Роберт 73-минутта гол соққан еді.
Нәтижесінде дәл қазір «Қайрат» қарсыласына 1:3 есебімен жеңіліп жатыр.
Қазірге дейін Чемпиондар лигасы негізгі кезеңінде «Қайрат» Португалияның «Спортингіне» 1:4, Испанияның «Реал Мадридіне» 0:5, Италияның «Интеріне» 1:2 есебімен жол берсе, Кипрдің «Пафосымен» 0:0 есебімен тең түскен еді.
Енді қазақстандық клуб одан кейін 9 желтоқсанда Астанада Грекияның «Олимпиакос», 2026 жылдың 20 қаңтарында Бельгияның «Брюгге» клубын қабылдайды.
Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас