7 сағат бұрын
Хоккейден ӘЧ: Қазақстан әйелдер құрамасы екінші жеңісіне жетті
Фото: Қазақстан хоккей федерациясы
Бүгін шайбалы хоккейден Қазақстан әйелдер құрамасы әлем чемпионаты IB дивизионындағы төртінші ойынын Оңтүстік Кореяға қарсы өткізді, деп хабарлайды Sport12.kz.
Кездесу барысында қарсыластар жеңіске жетуге бар күшін салды. Бірінші кезеңде қазақстандық хоккейшілер бір мәрте мергендігімен көзге түссе, екінші кезеңде тағы екі шайба соғып, қақпаға бір шайба жіберіп алды. Шешуші кезеңде отандастарымыз тағы гол соғып, екі мәрте шайбаны қақпадан алып шығуға мәжбүр болды.
Қазақстан - Оңтүстік Корея 4:3 (1:0, 2:1, 1:2)
1:0 - Муравьёва (Зубкова) - 01:34
1:1 - Ким (Пак, Ли) - 20:23
2:1 - Шегай - 29:04
3:1 - Шегай (Филимонова, Тұрсынова) - 39:21 ГБ
3:2 - Пак (Хан, Сонг) - 43:17
3:3 - Пак (Ким, Ли) - 53:49
4:3 - Ашимова (Дюндина, Пяткова) - 59:51
Қақпашылар: Щёколова - Ан.
Осылайша қазақстандық хоккейшілер қарсыласынан 4:3 есебімен жеңіп, турнир кестесіндегі жағдайын жақсартып алды. Қазір 7 ұпаймен үшінші орынға көтерілді.
Отандастарымыз 12-18 сәуір аралығында Испанияда өтіп жатқан турнирде Латвия, Нидерланд, Испания, Оңтүстік Корея және Ұлыбританиямен шеберлік байқасып жатыр.
Екі құрама қазірге дейін тоғыз мәрте кездесті. Оның 6-уы қазақстандық хоккейшілердің басымдығымен аяқталса, қалғанында қарсыластарының мерейі үстем болды.
Алғашқы үш турда қазақстандық хоккейшілер Латвияға буллитен 2:3, Нидерландқа 0:3 есебімен жеңілсе, Испанияны 3:2 есебімен қапы қалдырды.
Енді олар ертең, 18 сәууірде Ұлыбритания құрамаларымен шеберлік байқасады.
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан