2 сағат бұрын
Қазақстан чемпионатының 6-туры қалай өтті?
18-19 сәуір күндері футболдан Премьер лиганың 6-тур ойындары өтті, деп хабарлайды Sport12.kz
Қандай жайттар тіркелді?
⁃ 8 ойында 17 гол соғылды.
⁃ 30 сары қағаз көрсетіліп, 1 ойыншы алаңнан қуылды.
⁃ «Қайрат» клубы ғана осы турда мүлдем ескерту алмады.
⁃ Ең көп 7 сары қағаз «Қайсар» - «Алтай» матчында тіркелді.
⁃ 243 футболшы жасыл алаңда доп тепті. Оның ішінде негізгі құрамда 85 отандық ойыншы және қосалқы құрамнан 43 ойыншы алаңға шықты.
⁃ Негізгі құрамда ең көп отандық футболшыларды шығарған клуб — «Жетісу» (8 футболшы)
⁃ Негізгі құрамда ең аз отандық футболшыларды шығарған клубтар — «Қызылжар» мен Ertis (3 футболшы)
⁃ «Қайрат», «Елімай», «Ордабасы» клубтары әзірше жеңіліссіз келеді.
⁃ 6 тур бойы «Қайрат» клубы ең аз 1 гол ғана жіберген.
⁃ «Жеңіс» клубы биылғы маусымда алғашқы жеңісіне қол жеткізді.
⁃ «Тобыл» әзірше қорғанысы әлсіз клуб болып тұр (12 гол өткізді).
Гол соққан мемлекет өкілдері:
Қазақстан - 9
Бразилия - 2
Сербия - 2
Беларусь - 1
Хорватия - 1
Португалия - 1
Никарагуа - 1
Гана - 1
Того - 1
Нәтижелер:
Ertis - «Жетісу» - 0:1
«Елімай» - «Астана» - 2:2
«Қайрат» - «Каспий» - 2:0
«Ордабасы» - «Оқжетпес» - 2:1
«Ұлытау» - «Тобыл» - 2:1
«Атырау» - «Қызылжар» - 0:1
«Жеңіс» - «Ақтөбе» - 1:0
«Қайсар» - «Алтай» - 1:1
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан
Қанат Байұзақов