24.07.2023
Белгілі комментатор қазақ тіліндегі команда атауларын орысшалап айтатындарды сынады
Еліміздің белгілі спорт комментаторы Ермұхамед Мәулен қазақ тіліндегі атауларды бұрмалап, орысша "нақышқа" келтіріп айтатындарға үндеу жасады.
Комментатор қазақ тілінің дыбысталуын орыс тіліне қарай бұрмалау қате екендігін, ондай жағдайда команда атауының мағынасы түбегейлі өзгеретінін айтты.
Команданың атауы «Торпедо» болса, орысша оны «Тарпедо» деп «а» арқылы айтуға болады. Одан ештеңе өзгермейді. Ал қазақтың «Ордабасы» деген сөзін «Ардабасы» деп айтып, бір ғана әріпті ауыстыру оның мағынасын түбегейлі өзгертеді. Сол секілді «Ақтөбе» дегенді де орыстілділер «Актабе» деп айтады. Бұл да қате. Ал «Оқжетпесті» «Акжетпес» дейді. «Ақ» дегеніміз – орысша «белый», «оқ» дегеніміз – «стрела». Көрдіңіз бе, мүлде бөлек сөздер. Сондықтан атауларды дұрыстап атайық, - деді Мәулен.
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан