06.09.2024

Ұлттар лигасы: Қазақстан Норвегиямен тең ойнады

Ұлттар лигасы: Қазақстан Норвегиямен тең ойнады

Сурет Қазақстан футбол федерациясы

 Бүгін, 6 қыркүйекте Қазақстан құрамасы UEFA Ұлттар лигасындағы алғашқы ойынын Норвегияға қарсы өткізді.

Ел құрамасы В лигасы үшінші тобында Норвегия, Словения және Австрия құрамаларымен сынға түседі.

Бірінші кезеңде норвегиялық футболшылар тізгінді өз қолында ұстауға тырысты. Олар шабуыл шебінде жиі бой көрсетті. Десе де Игорь Шацкий қорғаған қақпаға айтарлықтай қауіп төндіре қойған жоқ. Қазақстандық құрама негізінен қорғанысқа көбірек көңіл бөлді.

Екінші кезең басталғаннан Эрлинг Холанд пен оның командлас әріптестері алға қарай ұмтылды. Десе де діттеген мақсатына жете алмай жатты. Кейбір сәтте қазақстандық футболшылардың да гол соғатын мүмкіндігі болды.

Қос құрама 0:0 есебіне қанағат білдіріп тарасты.

Енді ел құрамасы 9 қыркүйекте сырт алаңда Словениямен шеберлік байқасады.

Волейболдан Азия чемпионатында «Павлодар» клубы төртінші орын алды

Басқа 2 сағат бұрын

Волейболдан Азия чемпионатында «Павлодар» клубы төртінші орын алды

Бүгін футзалдан әлем чемпионатында алғашқы тур ойындары аяқталады

Футзал 2 сағат бұрын

Бүгін футзалдан әлем чемпионатында алғашқы тур ойындары аяқталады

Өткен аптадағы қазақстандық спортшылардың жетістігі қандай?

Басқа 2 сағат бұрын

Өткен аптадағы қазақстандық спортшылардың жетістігі қандай?

Браим Диас ұзақ мерзімге қатардан шықты

Футбол 2 сағат бұрын

Браим Диас ұзақ мерзімге қатардан шықты

5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындары: Цифрлар мен деректер

Көшпенділер ойыны 2024 2 сағат бұрын

5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындары: Цифрлар мен деректер

Ушудан Азия чемпионатында қазақстандық спортшылар жеті медаль алды

Басқа 3 сағат бұрын

Ушудан Азия чемпионатында қазақстандық спортшылар жеті медаль алды