12.12.2024
Амир Омарханов пен Заңғар Нұрланұлы Аустралия чемпионатында бақ сынайды
Фото: ҚТФ
Жасөспірімдер арасында 18-25 қаңтар аралығында өтетін Аустралия ашық чемпионатында кімдердің бақ сынайтыны белгілі болды.
Біздің елімізден аталмыш жарыстың негізгі бөлігіне жасөспірімдер арасында ITF рейтингісінде 16-орында тұрған Амир Омарханов пен 73-сатыдағы Заңғар Нұрланұлы қатысады.
Бұл Заңғар Нұрланұлы үшін алғашқы «Үлкен дулыға» турнирі болмақ.
Ал Амир өткен жылы жасөспірімдер арасында Аустралия ашық чемпионатының ширек финалына дейін жетіп, ерекше серпіліс туғызған еді.
Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас