07.02.2025
Лионель Месси футбол тарихындағы ең үздік ойыншы деп танылды

Танымал британиялық FourFourTwo нұсқасы футбол тарихындағы ең үздік футболшылар тізімін жариялады.
Басылымның пайымдауынша үздіктер тізімінде Лионель Месси көш бастап тұр. Бразилиялық аңыз Пеле екінші орынға тұрақтаса, үздік үштікті аргентиналық даңқты футболшы Марадона түйіндеді. Ал Криштиану Роналду төртінші сатыға табан тіреген.
Футбол тарихындағы ең үздік 10 ойыншы:
- Лионель Месси (Аргентина)
- Пеле (Бразилия)
- Диего Марадона (Аргентина)
- Криштиану Роналду (Португалия)
- Йохан Кройфф (Нидерланд)
- Роналдо (Бразилия)
- Зинедин Зидан (Франция)
- Франц Беккенбауэр (Германия)
- Альфредо Ди Стефано (Испания)
- Марко ван Бастен (Нидерланд)
