22.06.2025

Азат Мақсұм UFC Fight Night 259 турнирінде жеңіліп қалды

Азат Мақсұм UFC Fight Night 259 турнирінде жеңіліп қалды

Фото: meta-ratings.kz

Қазақстандық жауынгер Азат Мақсұм Әзербайжан астанасы Бакуде өткен UFC Fight Night 259 турнирінде жеңілістің ащы дәмін татты, деп хабарлайды Sport12.kz.  

Азат аталған турнирде ресейлік Тагир Уланбековпен шеберлік байқасты. Жекпе-жек үш раундқа соылды. Жекпе-жекте төрешілер жеңісті Тагирге беріп жіберді.

Азат осылайша UFC-де үшінші жекпе-жегін өткізіп, екінші мәрте жеңіліп қалды. 

Тагир Уланбеков болса рейтингте 11-ші орында келеді. Ол ұйымдағы жеті айқастың алтауында жеңіске жетті.


Біздің серіктес: Бізге тіркел!