49 минут бұрын
Антуан Гризманн Криштиану Роналду жайында пікірін білдірді
Фото: moldova.sports.md
Франция құрамасының бұрынғы ойыншысы Антуан Гризманн Криштиану Роналдудың халықаралық мансабын аяқтауы туралы пікір білдірді, деп хабарлайды Sport12.kz.
Португалиялық 41 жастағы шабуылшы 5 қарашада ұлттық құрамадан кететінін жариялап, қоштасу матчынан бас тартты.
«Криштиану Роналдудың кетуі мен үшін ерекше әсер еттіі. Ол нағыз аңыз, машина, сұрмерген және жеңімпаз. Оған қарсы ойнаған маған өте ұнады, ал оның Португалиямен жеткен жетістіктері – бұл тарих. Оның орнын басу өте қиын болады», – деді Гризманн.
Роналду Португалия құрамасында 2003 жылдан бері өнер көрсетті. Ол 234 матчта 146 гол соғып, 45 ассист жасады.
Шабуылшы португалдықтармен бірге Еуро-2016 және екі Ұлттар лигасы кубогын жеңіп алды.
Біздің серіктес: Sport12kz