22.02.2025
Ангелина Лукас қарсыласын тістеп алды: Оған жеңіліс жазыла ма?
Қазақстандық боксшы Ангелина Лукастың (14-1, 7 КО) 21 ақпанда боливиялық Есения Токомен (1-1, 0 КО) жекпе-жегіндегі жеңісі қарсыласына берілуі мүмкін.
Ангелина Лукас Түркия астанасы Стамбул қаласында кезекті жекпе-жегін өткізіп, екінші раундта қарсыласынан техникалық нокаутпен басым түскен еді.
Көрсетілім камерасында оның қарсыласын иығынан тістеп алғаны көрсетілген сәті түсіп қалған. Осылайша ол лас тәсілге барғаны көрініп тұр. Бұл үшін қазақстандық боксшыға қандайда бір шара қолданыла ма? Бұл жағы әзірге белгісіз.
Айта кетсек, аталған жекпе-жек Ангелина үшін 20 күннің ішіндегі үшінші жекпе-жек болатын. Оның барлығында жеңіске жетті.
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан