22.02.2025
Алматыда фристайлдан әлем кубогы өтеді
Фото: «Шымбұлақ» тау-шаңғы курорты
Алматы қаласы өз тарихында алтыншы рет фристайлдан әлем кубогын қабылдайды
28 ақпан мен 2 наурыз аралығында Алматы қаласындағы «Шымбұлақ» тау-шаңғы курортында фристайладан әлем кубогы өтеді.
Әлемнің 17 елінен қатысатын 100-ге жуық спортшы фристайл-могул, параллель могул және фристайл-акробатикадан медаль жиынтығын сарапқа салады.
Өз елімізде жалауын желбірететін айтулы турнирде ел намысын фристайл-могулдан Юлия Галышева, Павел Колмаков, Анастасия Городко қорғайды.
Ал фристайл-акробатикадан еліміздің атынан Дінмұхаммед Райымқұлов, Роман Иванов, Шерзод Хаширбаев, Асан Асылхан, Роман Погасян, Аяна Жолдас және Ардана Маханова сынға түседі.
Жарыс бағдарламасына сәйкес 28 ақпан жекелей могул, 1 наурыз параллель могул, 2 наурыз фристайл-акробатика өтуі керек.
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан
Азамат Бақи