Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

Olimpbet қосымшасын пайдалан Өту
Olimpbet Видеореп

22.02.2025

«Барыс» жеңіске жетуді ұмытты

«Барыс» жеңіске жетуді ұмытты

Фото: «Барыс» хоккей командасы

Қазақстандық «Барыс» командасы бүгін, яғни 22 ақпанда Құрлықтық хоккей лигасындағы кезекті ойынын елордада Ресейдің «Адмирал» (Владивосток) командасына қарсы өткізді.

Кездесуде қазақстандық команда алғашқы болып есеп ашты. Оны 2-минутта команда капитаны Роман Старченко өзінің еншісіне жазды.
Одан кейін ресейлік клуб қатарынан төрт шайба соғып кетті. Бұл сәтте Никита Сошников 14, Степан Старков 23, Егор Петухов 40, Аркадий Шестаков 47-минутта мергендік танытты.

Ойынның 50-минутында қазақстандық клубтан Дінмұхамед Қайыржан есеп айырмасын қысқартты.

Осылайша «Барыс» қарсыласына 2:4 есебімен есе жіберіп, қатарынан сегізінші мәрте жеңілістің ащы дәмін татты.


Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан