23.02.2025
European Open: Қазақстан қоржынында -1 алтын, 1 күміс
Фото: Спортты дамыту дирекциясы
22-23 ақпан күндері Польша астанасы Варшавада өтіп жатқан European Open турнирінде қазақстандық спортшылар 1 алтын және 1 күміс медаль жеңіп алды.
Бұл жөнінде Спортты дамыту дирекциясы жазды.
60 келі салмақтағы финалда қос қазақ дзюдошысы – Шерзод Давлатов пен Бақытжан Аман – өзара жүлде үшін белдесіп, жеңіс Шерзодтың еншісінде қалды.
Аталмыш жарыста 45 елден келген 551 спортшы бақ сынауда.
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан