23.02.2025
«Қызылжар» сапына Қазақстан жастар құрамасының ойыншысы қосылды
Фото: «Қызылжар» футбол клубы
«Қызылжар» футбол клубы жас қорғаушы Асылбек Асанмен келісімшартқа қол қойғанын хабарлайды.
Асылбек – «Тараз» футбол мектебінің түлегі. Ол кәсіби футболдағы алғашқы қадамдарын дәл осы клубта жасап, өткен маусымда барлық турнирларда 21 матч өткізіп, 3 голдың авторы атанды.
Ол былтыр 21 жасқа дейінгі Қазақстан жастар құрамасы сапында 2025 жылғы Еуропа чемпионаты іріктеу сатысында Испания мен Шотландияға қарсы ойын өткізді.
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан