18.03.2025
Асхат Тағыберген Георгий Жуковқа неге Джеки Чан деген ат қойды
Фото: kff.kz
Футболдан Қазақстан құрамасы Түркия жерінде оқу-жаттығу жиынын өткізіп жатыр. Аталған жиынға біраз уақыт үзілістен кейін жартылай қорғаушы Георгий Жуков та қосылды.
Оның қатарға қосылғанына қуаныш білдірген әріптестері оған әзілдеп жатты. Солардың бірі - Асат Тағыберген Георгийдің біраз уақыт Қытайда ойын көрсетіп қайтқанын меңзеп Джеки Чан деп лақап ат қойды.
Георгий Жуков 1994 жылы Семей қаласында дүниеге келген. Бес жасында ата-анасымен бірге Бельгияға қоныс аударады. 2012 жылы бельгиялық клуба футболға қадамын бастаған ол 2014-2015 жылдарда «Астана» сапына ауысты. Ал 2017-2019 жылдарда «Қайрат» намысын қорғады.
Сондай-ақ ол Нидерланд, Ресей, Польша, Қытай чемпионаттарында ойын көрсетті.
Биыл Польшаның «Пуща» командасына ауысты.
Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас