5 сағат бұрын
ҚПЛ: 18-турдағы «Атырау» мен «Астана» матчы бүгін өтетін болды

Фото: fcastana.kz
Футболдан Қазақстан Премьер-лигасының 18-туры аясындағы «Атырау» - «Астана» матчы мерзімінен бұрын өтеді, деп хабарлайды Sport12.kz.
Қазақстан футбол лигасы дирекциясының әкімшілігі «Атырау» футбол клубының тиісті келісімімен «Астана» футбол клубының ұсынысын мақұлдады.
Нәтижесінде аталған кездесуді бүгін, 30 сәуірге ауыстыру туралы шешім қабылданды. Ойын сағат 18-00 де басталады.
Матч Атырау қаласындағы «Мұнайшы» стадионында өтеді.
Айта кетсек, атыраулық клуб бұдан бұрын алматылық «Қайратпен» ойынды ертерек өткізген еді.
