3 сағат бұрын
Азия Чемпиондар лигасындағы сенсация

АФК Чемпиондар лигасының жартылай финалындағы алғашқы матчта Сауд Арабиясының екі алып клубы – «Әл-Ахли» мен «Әл- Хиляль» кездесіп, тартысты ойында жеңісті «Әл-Ахли» командасы тойлады, деп хабарлайды Sport12.kz
Кездесу 3:1 есебімен «Әл-Ахлидің» пайдасына аяқталды. Жеңімпаз команда сапынан Роберто Фирмино, Иван Тони және Фирас Ал Бурайкан мергендігімен көзге түсті. Ал «Әл-Хиляль» сапынан жалғыз голдың авторы – Салем әл-Давсари.
Осылайша, «Әл-Ахли» клубы АФК Чемпиондар лигасының финалына жолдама алып, басты жүлде үшін таласуға мүмкіндік алды. Финалдағы қарсыласы ертең белгілі болады.
