9 сағат бұрын
Freedom QJ League: Төртінші турдың үздіктері анықталды

Фото: QJ League
QJ League лигасының төртінші турдағы үздіктер құрамасы белгілі болды, деп хабарлайды Sport12.kz.
Лиганың спорттық-аналитикалық бөлімі WyScout қосымшасының статистикалық деректеріне сүйене отырып, өткен аптада үздік ойын көрсеткен футболшылардан құрам жасақтады.
Төртінші турдың үздіктер құрамасына жеті түрлі клубтың ойыншылары енді.
Қақпашы: Төлеубек («Ертіс);
Қорғаушылар: Нұрланұлы («Жас Қыран»), Қағазбаев («Шахтёр»), Абласан («Қайсар»), Каликуов («Қайрат»);
Жартылай қорғаушылар: Ботабек («Ордабасы»), Мусаипов («Қайрат»), Төреғали («Ақтөбе»);
Шабуылшылар: Рахимбек («Ертіс»), Латурнус («Ақтөбе»), Нефедов («Шахтёр»).
Ал турдың үздік голы номинациясын «Шахтёр» қақпасын дәл көздеген «Тараз» қорғаушысы Адият Дексен иеленді.
