15.05.2025
Біржан Оразов «Қайрат» сапына қашан оралатынын айтты

Алматылық «Қайрат» футзал командасының капитаны Біржан Оразов жарақат туралы айтып, қалпына келтіру мерзімін атады, деп хабарлайды Sport12.kz.
- «Қайраттың» барлық жанкүйерін жеңіспен құттықтаймын. Мен бұл матчта ойнаған жоқпын. Өйткені мен Чемпиондар лигасынан кейін жарақат алдым. Сондықтан жарақатымнан емделіп, плей-офф ойындарына қайта оралғым келеді. Бүгін жақсы ойын болды. Екі тәжірибелі ұжым ойнады. Командалар деңгейлес. Бірақ бүгін «Қайрат» жеңді. Ертеңгі ойын қиын болады. Бірақ біз «Қайрат» командасы болғандықтан, біз әрқашан жеңіске жетеміз. Алаңға плей-офф ойындарында шығамын. Оған дейін дайын боламын деп үміттенемін, - деді Біржан Оразов.
Футзалдан Қазақстан чемпионатының 41-турында «Қайрат» «Семей» командасын 3:1 есебімен жеңді.
