6 сағат бұрын
Футзалдан U-19 Еуропа чемпионаты Астана қаласында өтеді

Фото: ҚФФ
Футзалдан 19 жасқа дейінгілер арасында Еуропа чемпионаты Астана қаласында өтеді, деп хабарлайды Sport12.kz.
Албания астанасы Тиранада өткен УЕФА Атқарушы комитетінің жиынында бірқатар халықаралық және клубтық турнирлердің шешуші ойындарын қабылдайтын қалалар анықталды.
Соның ішінде Қазақстан футбол федерациясы мен Қазақстан футзал қауымдастығының 19 жасқа дейінгі футзалшылар арасындағы Еуропа чемпионатының финалдық кезеңін елімізде өткізу туралы өтінімі мақұлданды.
Осы шешімге сәйкес, Қазақстан жасөспірімдер құрамасы қабылдаушы ел ретінде автоматты түрде финалдық кезеңге жолдама алады. Жарысқа барлығы сегіз команда қатысады.
Айта кетсек, бұл турнир алғаш рет 2019 жылы ұйымдастырылған. Қазір U-19 санатындағы Еуропа чемпионы – Португалия, ал екі мәрте (2019 және 2022 жылдары) топ жарған Испания ең табысты команда саналады.
Еске салсақ, футзалдан Қазақстан құрамасы қыркүйек айында 2026 жылғы Еуропа чемпионатына іріктеу кезеңінің плей-офф сатысында Италиямен екі ойын өткізеді.
Алғашқы кездесу 18 қыркүйекте сырт алаңда Фазано қаласында өтсе, 23 қыркүйекте қарымта кездесу Астанада болады.
Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас
