30.10.2025
Чемпиондар лигасы: «Қайрат» футзал клубы хорватиялық клубтан басым түсті
Фото: «Қайрат» футзал клубы
Алматылық «Қайрат» футзалдан UEFA Чемпиондар лигасының негізгі кезеңіндегі алғашқы ойынында Хорватияның «Ново Вриеме» командасынан басым түсті, деп хабарлайды Sport12.kz.
Алматылық клуб төртінші топта сынға түседі. Қарсыластары - «Спортинг» (Португалия), «Приштина» (Косово) және «Ново Вриеме» (Хорватия).
Кездесу барысында алматылық клуб алғашқы минуттан тізгінді өз қолында ұстауға тырысты. Олардың қатарынан Біржан Оразов 8, 9-минутта екі гол соғып үлгерді. Одан кейін 16-минутта қазақстандық команда сапынан Эдсон Сантос мергендік танытты.
Екінші кезеңде оған хорватиялық клуб екі гол соғып, есеп айырмасын қысқартты.
Осылайша алматылық команда алғашқы ойынында қарсыласын 3:2 есебімен тізе бүктірді.
Енді «Қайрат» 30 қазанда Португалияның «Спортингімен» ойнаса, 1 қарашада косоволық «Приштинамен» алаңға шығады.
Сондай-ақ аталған турнирде тағы бір қазақстандық «Семей» командасы үшінші топта алғашқы ойында «Хрудим» (Чехия) клубын 9:5 есебімен жеңді.
Енді олар 30 қазанда «Этуаль» (Франция), 1 қарашада «Пальма» (Испания) командаларымен шеберлік байқасады.
Әрбір топтан алғашқы үш орынға ие болған командалар турнирдің элиталық кезеңіне жолдама алады.
Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас