Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

Футболға болжам үшін iPad A16 ал. Өту
Фрибет 10 000₸. Құр қалма! Өту
Olimpbet Видеореп

30.10.2025

«Қайрат» пен «Семей» бүгін Чемпиондар лигасындағы екінші ойынын өткізеді

«Қайрат» пен «Семей» бүгін Чемпиондар лигасындағы екінші ойынын өткізеді

Фото: «Қайрат» футзал клубы

Қазақстандық «Қайрат» пен «Семей» бүгін футзалдан UEFA Чемпиондар лигасының негізгі кезеңіндегі екінші ойынын өткізеді, деп хабарлайды Sport12.kz.

Алдымен Қазақстан уақытымен 20:30-да «Семей» Францияның «Этуаль» командасымен кездесді.

Қазақстандық клуб үшінші топта қазірге дейін 29 қазанда «Хрудим» командасын 9:5 есебімен жеңсе, енді 1 қарашада «Пальма» (Испания) клубымен шеберлік байқасады.

Барлық ойын Испанияда «Пальма» клубының алаңында болады. 

Ал алматылық «Қайрат» 30 қазанда 20:50-де Португалияның «Спортинг» клубымен алаңға шығады.

Кездесу «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі. 

Олар бұдан бұрын Хорватияның «Ново Вриеме» командасын 3:2 есебімен жеңсе, енді 1 қарашада «Приштина» клубымен кім мықтыны анықтайды.

29 қазан мен 1 қараша аралығында жспарланған кездесулер Хорватиядағы Макарска қаласында өтеді. 

Үздік төрттіктің финалы 2026 жылдың мамыр айында Италияның Пезаро қаласында болады.


Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас