Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

Футболға болжам үшін iPad A16 ал. Өту
Фрибет 10 000₸. Құр қалма! Өту
Olimpbet Видеореп

30.10.2025

Чемпиондар лигасы: «Семей» футзал клубы «Этуаль» командасынан жеңілді

Чемпиондар лигасы: «Семей» футзал клубы «Этуаль» командасынан жеңілді

Фото: «Семей» футзал клубы

Қазақстандық «Семей» футзал клубы UEFA Чемпиондар лигасының негізгі кезеңіндегі екінші ойынын франциялық «Этуаль» командасына қарсы өткізді, деп хабарлайды Sport12.kz.

Кездесу барысында семейлік команда жылдам гол соғуға тырысты. Нәтижесінде олардың қатарынан Бруно Гомес 3-минутта есеп ашты. Одан кейін 8-минутта Дедезиньо басымдықты арттырса, ол 17-минутта тағы бір мәрте көзге түсті.

Екінші кезеңде франциялық команданың белсенділігі байқалды. Олар төрт гол соғып, жеңіске қол жеткізді.

Осылайша семейлік клуб қарсыласына 3:4 есебімен есе жіберді.

Енді қазақстандық команда үшінші топтағы соңғы ойынын 1 қарашада «Пальма» (Испания) клубына қарсы өткізеді. 

Айта кетсек, бұдан бұрын «Семей» клубы «Хрудим» командасын 9:5 есебімен жеңген еді.

Сондай-ақ дәл қазір топта алматылық «Қайрат» Португалияның «Спортинг» клубымен кездесіп жатыр.

Қазақстандық команда бұдан бұрын Хорватияның «Ново Вриеме» командасын 3:2 есебімен жеңген еді. Топтағы үшінші кездесуін 1 қарашада «Приштина» клубына қарсы өткізеді


Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас