Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

Футболға болжам үшін iPad A16 ал. Өту
Фрибет 10 000₸. Құр қалма! Өту
Olimpbet Видеореп

30.10.2025

Чемпиондар лигасы: «Қайрат» «Спортингтен» ірі есеппен жеңілді

Чемпиондар лигасы: «Қайрат» «Спортингтен» ірі есеппен жеңілді

Фото: «Қайрат» футзал клубы

 Қазақстандық «Қайрат» футзал клубы UEFA Чемпиондар лигасының негізгі кезеңіндегі екінші ойынында португалиялық «Спортинг» командасынан ірі есеппен жеңіліп қалды, деп хабарлайды Sport12.kz.

Кездесу барысында олар қарсылас қақпасына екі гол соғып, өз қақпасына жеті гол жіберіп алды. Салдарынан қарсыласына 2:7 есебімен есе жіберді.

Қазақстандық команда бұдан бұрын Хорватияның «Ново Вриеме» командасын 3:2 есебімен жеңген еді. Топтағы үшінші кездесуін 1 қарашада «Приштина» клубына қарсы өткізеді

Сондай-ақ «Семей» футзал клубы екінші ойынында франциялық «Этуаль» командасынан 3:4 есебімен жеңіліп қалды.

Енді қазақстандық команда үшінші топтағы соңғы ойынын 1 қарашада «Пальма» (Испания) клубына қарсы өткізеді. 

Айта кетсек, бұдан бұрын «Семей» клубы «Хрудим» командасын 9:5 есебімен жеңген еді.


Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас