6 күн бұрын
«Қайрат» пен «Семей» шешуші матчтарына дайын ⠀
Футзалдан Лига чемпиондарының негізгі кезеңінде Қазақстанның екі клубы — «Қайрат» пен «Семей» бүгін соңғы ойындарын өткізеді.
Алматылық команда Косовоның «Приштина» клубына қарсы алаңға шықса, Семейдің командасы Еуропа чемпионы «Пальмамен» кездеседі. Ойындар тиісінше Астана уақытымен 21:00 және 23:30-да басталады.
Екі команда да плей-офф кезеңіне жолдама алған. Енді бүгінгі матчтар олардың 1/8 финалға қай орынмен шығатынын айқындайды.
Айта кетейік, жаңа жүйе бойынша төрт топтан үш командадан келесі кезеңге өтеді.
Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас