6 күн бұрын
Чемпиондар лигасы: «Қайрат» «Приштинадан» басым түсті
Фото: «Қайрат» футзал клубы
Қазақстандық «Қайрат» футзал клубы UEFA Чемпиондар лигасының негізгі кезеңін жеңіспен аяқтады, деп хабарлайды Sport12.kz.
Қазақстандық клуб үшінші турда Косовоның «Приштина» командасымен кездесті.
Ойын барысында алматылық клубтан Біржан Оразов 6-минутта есеп ашса, одан кейін Кевин Аррьета 17-минутта басымдықты арттырды.
Ал 22-минутта «Қайрат» сапынан Ромуло өз қақпасына гол соғып алды. Одан кейін алматылық командадан Біржан Оразов 30-минутта тағы бір мәрте мергендік танытса, Оливейра Да Силва 34-минутта қорытынды есепті белгіледі.
Осылайша алматылық клуб қарсыласынан 4:1 есебімен басым түсті.
Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас