Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

Футболға болжам үшін iPad A16 ал. Өту
Фрибет 10 000₸. Құр қалма! Өту
Olimpbet Видеореп

6 күн бұрын

«Семей» футзалдан Чемпиондар лигасы элиталық кезеңіне шықты

«Семей» футзалдан Чемпиондар лигасы элиталық кезеңіне шықты

Фото: «Семей» футзал клубы

Қазақстандық «Семей» командасы UEFA Чемпиондар лигасының негізгі кезеңіндегі үшінші ойында «Пальма» командасына есе жіберді., деп хабарлайды Sport12.kz.

Семейлік клуб бұл кезеңде үшінші топта сынға түсіп жатыр. Алғашқы екі ойында семейлік команда Чехияның «Хрудимін» 9:5 есебімен жеңсе, франциялық «Этуальға» 3:4 есебімен есе жіберіп қойды.

Испаниялық клуб осал қарсылас емес. Өткен маусымда аталған турнирде жеңімпаз атанған еді. Сондықтан қазақстандық команда үшін бұл ойын оңайға соқпайтыны белгілі болатын.

Бірінші кезеңде испаниялық клуб белсенді қимыл көрсетті. Нәтижесінде олардың қатарынан Лукас Машадо 2-минутта есеп ашса, семейлік клубтан Камиль Герейханов 5-минутта автоголдың авторы атанды. Одан кейін «Пальма» сапынан Алиссон 11, 18, 19-минутта хет-триктің авторы болса, Лин 13-минутта көздеген нысанадан мүлт кеткен жоқ. Оған семейлік клубтан Марсело 10, Бруно Гомес 13-минутта екі голмен жауап қайырды.

Екінші кезеңде семейлік клубтан Марсело 21-минутта есеп айырмасын қысқартса, Габриэль Кандидо 31-минутта өз қақпасына гол соғып алды. 

Ал 33-минутта қазақстандық командадан Бруно Гомес тағы бір мәрте көзге түсті.

Осылайша қазақстандық команда қарсыласына 4:7 есебімен есе жіберді.

Бұл топта 3 ұпай жинаған «Семей» үшінші орынмен элиталық кезеңге жолдама алды.


Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас