6 күн бұрын
Футзалдан Чемпиондар лигасының жеребесі тартылды
Бүгін, 6 қараша күні, Швейцарияның Ньон қаласында УЕФА футзал Чемпиондар лигасының 1/8 финалының жеребесі өтті, деп хабарлайды Sport12.kz.
Алматылық «Қайратқа» бельгиялық «Спортинг-Андерлехт» қарсылас ретінде түсті. Ал «Семей» командасы Польшаның «Пяст Гливицесімен» кездеседі.
1/8 финалдың алғашқы ойындары 24 қарашаға жоспарланған. Ал қарымта матчтар 5 желтоқсанда өтеді. Жеңімпаз сегіз команда екі матчтан тұратын ширек финалға жолдама алады. Ол 23 ақпан және келесі жылдың 6 наурыз күндері өтеді. Турнирдің финалдық кезеңі 8 және 10 мамырда Италияның Пезаро қаласында ұйымдастырылады.
Еске салайық, футзал Чемпиондар лигасының негізгі кезеңінде «Қайрат» португалиялық «Спортинг», косоволық «Приштина» және хорватиялық «Ново Вриеме» командалары бар топта екінші орын алып, алты ұпай жинаған болатын. Ал «Семей» Испанияның «Пальма», Францияның «Этуаль» және Чехияның «Хрудим» клубтары бар топта үш ұпаймен үшінші орынға ие болды.
Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас
Қанат Байұзақов