Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

Футболға болжам үшін iPad A16 ал. Өту
Olimpbet Видеореп

2 күн бұрын

Футзалдан Қазақстан құрамасының келесі бапкері кім болады?

Футзалдан Қазақстан құрамасының келесі бапкері кім болады?

Фото: ҚФФ

Футзалдан Қазақстан құрамасының жаңа бапкері қызметіне алғашқы үміткердің есімі белгілі болды, деп хабарлайды Sport12.kz.

Сенімді дерек көздеріне сүйенсек, бұл қызметке Рикардо «Какау» Камара келеді деп жоспарланып отыр. Оны жанкүйерлер бразилиялық футзалдың аңызы деп бағалайды. Кейінгі жылдары тәжірибелі бапкер ретінде тани бастады. Бұған дейін «Қайрат» пен Қазақстан құрамасының тізгінін ұстаған еді.

Оның жетекшілігімен алматылық команда 2013-2018 жылдары екі мәрте UEFA кубогының иегері атанса, төрт мәрте Еременко кубогында жеңімпаз болды. Сондай-ақ әлемнің суперкубогында жеңіс тұғырына көтерілді. Оған қоса Қазақстан құрамасын екі мәрте Еуропа чемпионаты жартылай финалына алып шықты. 2016 жылы құрлықтық додада қола жүлдегер атанды.

Қазақстан футзал қауымдастығының басшысы Нұрсұлтан Құрманның Sport12.kz ақпараттық агенттігіне берген мәліметіне сүйенсек, жаңа бапкер желтоқсан айының соңына таман анықталады. Әлем чемпионаты іріктеу кезеңін жаңа бапкер бастайды. Әрбір бапкердің өз пікірі, позициясы болады. Қазір федерацияда бес-алты бапкердің тізімі бар. Олардың құраманы дайындауға байланысты өз жоспары бар. Қайсысының жоспары федерация ұстанған бағытпен сай келеді. Сол үміткерлер арасынан іріктеледі.




Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас