Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

Футболға болжам үшін iPad A16 ал. Өту
Ислам Махачевтің жекпе-жегіне 30% кэшбэк! Өту
Olimpbet Видеореп

3 күн бұрын

Пауло Кака Ресей клубын жаттықтырады

Пауло Кака Ресей клубын жаттықтырады

Қазақстан құрамасының бұрынғы футзал бапкері Пауло Рикардо Кака жаңа клуб тапты. Бұл туралы Sports12.kz порталы Futsal Kazakhstan парақшасына сілтеме жасап хабарлады.

— Пауло Рикардо Кака енді Ресей суперлигасындағы «ИрАэро» клубын жаттықтырады. Бразилиялық маман қазірдің өзінде Иркутск қаласында жүр. Ертең екі тарап келісімшартқа қол қоюды жоспарлап отыр, — делінген хабарламада.

Айта кетейік, Пауло Рикардо Кака 2018 жылдан бастап Қазақстан құрамасын баптап, осы жылдары алматылық «Қайратты» да басқарған болатын. Оның жетекшілігімен қазақстандық футзалшылар Еуропа чемпионаттары мен әлем біріншіліктерінде жоғары нәтижелер көрсетті.

48 жастағы маманның бапкерлік тәжірибесінде Әзербайжанның «Нефтчи» және Ресейдің «Газпром-Югра» клубтары да бар.



Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас