Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

Футболға болжам үшін iPad A16 ал. Өту
Olimpbet Видеореп

10 сағат бұрын

Рикардо «Какау» Камараның ұлттық құрама тізгінін ұстау мүмкіндігі бағаланды

Рикардо «Какау» Камараның ұлттық құрама тізгінін ұстау мүмкіндігі бағаланды

Фото: ҚФФ

Рикардо «Какау» Камараның футзалдан Қазақстан ұлттық құрамасына келу мүмкіндігі белгілі болды, деп хабарлайды Sport12.kz.

Бұл жөнінде Қазақстан футзал қауымдастығының басшысы Нұрсұлтан Құрман өзінің подкастында айтып берді.

- Бұл маман үміткерлер тізімінде бар екенін жасырмаймыз. Ол өзінің бағдарламасын таныстыруға дайын. Десе де біз барлық үміткерді саралап шығамыз. Жаңа бас бапкердің есімі желтоқсан айының ортасында белгілі болады, - деді Нұрсұлтан Құрман.

Рикардо «Какау» Камара да бұдан бұрын Қазақстанда қызмет атқарды.

Оның жетекшілігімен алматылық команда 2013-2018 жылдары екі мәрте UEFA кубогының иегері атанса, төрт мәрте Еременко кубогында жеңімпаз болды. Сондай-ақ әлемнің суперкубогында жеңіс тұғырына көтерілді. Оған қоса Қазақстан құрамасын екі мәрте Еуропа чемпионаты жартылай финалына алып шықты. 2016 жылы құрлықтық додада қола жүлдегер атанды



Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас