3 күн бұрын

Бүгін футзалдан UEFA Чемпиондар лигасы элиталық кезеңі басталады

Бүгін футзалдан UEFA Чемпиондар лигасы элиталық кезеңі басталады

Бүгін футзалдан UEFA Чемпиондар лигасы элиталық кезеңінде алғашқы ойындар өткізіледі, деп хабарлайды Sport12.kz. 

Биыл футзалдан Чемпиондар лигасының элиталық кезеңіне өзгерістер енгізілді.

Жарыстың аталған сатысында 16 команда сегіз жұпқа бөлінеді. Командалар өз алаңында және сырт алаңда бір-бір кездесуден өткізеді. Бұл ойындар 2025 жылдың 24 қараша-6 желтоқсан аралығына белгіленген.

Жарыстың аталған сатысында қазақстандық «Семей» мен «Қайрат» командалары сынға түседі.

https://sport12.kz/futzal/14585-qazaqstandyq-klubtar-futzaldan-chempiondar-ligasy-elitalyq-kezenin-bastaidy/

20:00. «Семей» (Қазақстан) - «Пяст» (Польша)

21:00. «Араз» (Әзербайжан) - «Бенфика» (Португалия)

23:00. «Йерринг» (Дания) - «Этуаль» (Франция)

23:00. «Сент-Эндрюс» (Мальта) - «Картахена» (Испания)

00:00. АЕК (Грекия) - «Спортинг» (Португалия)

00:00. «Андерлехт» (Бельгия) - «Қайрат» (Қазақстан)

00:00. «Приштина» (Косово) - «Рига» (Латвия)

22:00. «Хит» (Украина) - «Пальма» (Испания).

Одан кейін 2026 жылдың 23 ақпаны мен 6 наурызы аралығында командалар сол ереже бойынша ширек финалда сынға түседі.



Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас