3 күн бұрын
Гол өткізбейтін команда: «Семей» Чемпиондар лигасында жеңіске жете ме?
Бүгін футзалдан UEFA Чемпиондар лигасы аясында плей-офф ойындары басталады, деп хабарлайды Sport12.kz.
«Семей» клубы бүгін Польшаның мықтысы «Пьяст» ұжымымен шеберлік байқасады. Алаң иелері айқын фаворит болғанымен, қонақтарды да есептен шығаруға болмайды.
«Семей» топтық кезең барысында В тобында өнер көрсетіп, небәрі 3-орынға тұрақтады. Команда Чемпиондар лигасының жеңімпазы «Пальмадан» 4:7 есебімен есе жіберді. Одан кейін Францияның «Этауль» командасын 3:0 есебімен жеңіп тұрса да, екінші таймда жауапсыз 4 гол өткізіп алды. Тек олар Чехияның «Хрудимін» (9:5) тізе бүктірді.
«Пьяст» А тобында бақ сынады. Олар топтың айқын фавориті «Картахенамен» (Испания) 0:0 есебімен тең түсті. Ал «Андерлехт» (Бельгия) пен «Кауно Жальгиристі» (Литва) ұтты. Польшаның чемпиондары тек доп айырмашылығы бойынша ғана «Картахенаға» жол берді. Дәл қазіргі сәтте «Пьяст» 15 ойын қатарынан жеңіліссіз сериясын жалғастырып келе жатыр. Одан бөлек, топтық кезеңде олар голды ең аз жіберген ТОП-3 команданың қатарына енеді. Польша чемпионатының былтырғы және биылғы маусымында ең аз гол жіберген.
Польша чемпиондары да «Семей» секілді легионерлерге сенім артады. Тек 3 қана жергілікті ойыншы бар. Көпшілік футзалшылары Бразилия, Португалия елдерінен жасақталған.
Айта кетейік, биыл футзалдан Чемпиондар лигасының элиталық кезеңіне өзгерістер енгізілді.
Жарыстың аталған сатысында 16 команда сегіз жұпқа бөлінеді. Командалар өз алаңында және сырт алаңда бір-бір кездесуден өткізеді. Бұл ойындар 2025 жылдың 24 қараша-6 желтоқсан аралығына белгіленген.
«Семейдің» Семей қаласындағы ойыны бүгін 20:00-де басталады. Матчты Qazsport телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді.
Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас
Қанат Байұзақов