3 күн бұрын

Футзалдан Чемпиондар лигасы: «Семей» польшалық «Пястпен» тең түсті

Футзалдан Чемпиондар лигасы: «Семей» польшалық «Пястпен» тең түсті

Фото: «Семей» футзал клубы

Қазақстандық «Семей» UEFA Чемпиондар лигасы элиталық кезеңіндегі алғашқы ойынын өткізді, деп хабарлайды Sport12.kz

Семейлік команда 1/8 финалда өз алаңында Польшаның «Пяст» командасын қабылдады.

Кездесу барысында 4-минутта қазақстандық клубтан Дедезиньо есеп ашса, 21-минутта Камил Герейханов басымдықты арттырды.

Одан кейін Дедезиньо 34-минутта тағы бір мәрте көзге түссе, польшалық команда сапынан Винисиус Тейшейра 35, 36, Бруно Граса 39-минутта мергендік танытты.

Осылайша командалар 3:3 еесбіне қанағат білдірді.

Енді қарымта кездесу 5 желтоқсанда сырт алаңда өткізеді. 

Бұл турнирдің негізгі кезеңінде үшінші топта сынға түскен семейлік команда Чехияның «Хрудимін» 9:5 есебімен жеңсе, франциялық «Этуальға» 3:4, испаниялық «Пальмаға» 4:7 есебімен есе жіберіп қойды.

Сондай-ақ бүгін сағат 00:00-де алматылық футболшылар сырт алаңда Бельгияның «Андерлехт» клубымен шеберлік байқасады.

Алматылық клуб төртінші топта Косовоның «Приштина» командасын 4:1, хорватиялық «Ново Вриемені» 3:2 есебімен тізе бүктірсе, Португалияның «Спортингтен» 2:7 есебімен жеңіліп қалды.

Финал 2026 жылдың мамыр айында Италияның Песаро қаласында өтеді. Онда төрт команда шеберлік байқасады. Алдымен жартылай финал болса, одан кейін финал мен 3-орын үшін ойындар өткізіледі.


Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас