2 күн бұрын
«Семей» клубының бас бапкері Игитаны неге ойынға қоспағанын түсіндірді
«Семей» клубының бас бапкері Аслан Смақов Чемпиондар лигасындағы «Пястқа» қарсы матчта Лео Игитаны алаңға шығармау туралы шешіміне тоқталды.
«Игитаның ойнамағаны — менің шешімім. Ол әрқашан біздің құрамда. Оны ойынға қоспақ болдым, бірақ сол сәтте есеп біз үшін қолайлы еді, тәуекел еткім келмеді», — деді Смақов.
Кездесу 3:3 есебімен аяқталды. Енді жұптың тағдыры Гливицедегі жауапты матчта шешіледі. «Семей» УЕФА футзал Чемпиондар лигасы плей-оффындағы шешуші ойынға дайындықты жалғастырады.
Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас