1 күн бұрын
Футзалдан әйелдердің Қазақстан Кубогының өтетін жері белгілі
Бүгін футзалдан әйелдер арасындағы Қазақстан Республикасының Кубогының өтетін орны анықталды, деп хабарлайды Sport12.kz
Федерацияның ақпаратына сенсек, Қазақстан Кубогы 2026 жылы 7-11 қаңтар аралығында Алматы қаласында ұйымдастырылмақ.
Айта кетейік, биылғы Қазақстан чемпионатында әйелдер арасында 5 команда сынға түскен болатын. Олар: «Қайрат» (Алматы), «Ақтөбе» (Ақтөбе), «Alliance» (Астана), WFT (Қарағанды), «Bokentau Woman» (Қарағанды).
Айта кетейік, биыл тұңғыш рет ұйымдастырылған әйелдер чемпионатында «Қайрат» клубы чемпион атанған еді.
Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас
Қанат Байұзақов