1 күн бұрын
Қазақстан құрамасы шағын футболдан (Socca) әлем чемпионатына қатысады
Фото: futsalkazakhstan 🫂
Мексиканың Канкун қаласында 8 қараша мен 7 желтоқсан аралығында 6х6 форматы бойынша шағын футболдан (Socca) әлем чемпионаты өтеді, деп хабарлайды Sport12.kz.
Ұлттық құрама әлем біріншілігіне басты фавориттердің бірі ретінде аттанды. Жеребе нәтижесіне сәйкес Қазақстан құрамасы F тобына түсіп, Франция, Уругвай және Нидерланд командаларымен бір топта ойнайтын болды.
Ұлттық құрамамыз Ақтау қаласының МФК «Атриум» клубының базасында құрылған. Аталмыш ұжым — 2023 жылғы әлем чемпионы және 2024 жылы Молдовада өткен Еуропа чемпионатының жеңімпазы.
Құрамада сондай-ақ Бірінші лига өкілдері мен жоғарғы дивизион клубтарында ойнаған футзалшылар да бар: Темірлан Әділов, Серік Мажитов, Абдурасул Авутов және Мұхамедия Ахмадиев.
Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас