12 сағат бұрын
ПСЖ төртінші жеңісіне жетіп, Лига Чемпиондары кестесінде екінші орынға көтерілді
«Пари Сен-Жермен» Чемпиондар Лигасының жалпы кезеңіндегі бес турдан кейінгі кестеде екінші орынға көтерілді. Париждік клуб өз алаңында өткен бесінші тур матчында «Тоттенхэмді» 5:3 есебімен ұтты.
Ойын барысында қос команда өзара гол алмасты, алайда ПСЖ екінші таймда басымдықты толығымен өз қолына алып, қатарынан үш гол соқты. Витиньяның хет-тригі, сондай-ақ Руис пен Пачоның дәл соққылары француз клубына турнирдегі төртінші жеңісті сыйлады. Бұған дейін Луис Энрикенің командасы тек «Бавариядан» (1:2) ғана жеңілген еді.
Бес тур нәтижесі бойынша ПСЖ еншісінде — 12 ұпай. Команда Чемпиондар Лигасының жалпы кестесінде екінші орында тұр. Келесі ойында париждіктер Бильбаодың «Атлетигімен» сырт алаңда кездеседі.
Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас