4 сағат бұрын
«Семей» футзал клубының Чемпиондар лигасындағы ойынында жаңа рекорд тіркелді
Чемпиондар Лигасының 1/8 финалындағы «Семей» мен Польшаның «Пяст» командалары арасындағы матч (3:3) Семейдегі «Абай-Аренада» өтті және 4823 көрермен жинады, деп хабарлайды Sport12.kz
Бұл маусымдағы ең жоғары көрсеткіш әрі «Абай-Арена» тарихындағы жаңа рекорд. Бұған дейінгі жетістік – 2025 жылдың маусымында АФК «Қайратқа» қарсы плей-офф ойынында тіркелген еді (4760 көрермен). Ол ұзақ сақталмай, қараша айында жаңарды.
Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас
Қанат Байұзақов