Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

Olimpbet қосымшасын пайдалан Өту
Olimpbet Видеореп

22.02.2025

Ең ерте өткен Қазақстан Суперкубогы: «Қайрат» чемпион атанды

Ең ерте өткен Қазақстан Суперкубогы: «Қайрат» чемпион атанды

Астана қаласындағы «Astana Arena» стадионында футболдан Қазақстан Суперкубогының иегері анықталды. 

Беделді кубок алматылық «Қайратқа» бұйырды. Олар «Ақтөбені» негізгі уақытта 2:0 есебімен жеңді.

«Ақтөбе» клубы 90 минутта қақпаға бірде-бір соққы бағыттай алмады.

Қазақстан Суперкубогындағы жайттар: 

  • Қазақстан Суперкубогының жеңімпазы төртінші рет ақпан айында белгілі болды. Бұған дейін 2024 жылғы Қазақстан Суперкубогы бірінші мәрте Түркияда ұйымдастырылып, 25 ақпанда жеңімпаз белгілі болған еді.
  • «Қайрат» клубы 40 млн теңге сыйақы алса, «Ақтөбе» 20 млн теңгеге иелік етті.
  • Қазақстан Суперкубогының матчына 23 975 адам жиналып, рекордты жаңартты.
  • Элдер Сантана - 2025 жылғы футбол маусымындағы алғашқы голдың авторы.
  • «Қайрат» клубы негізгі құрамда 9 легионерді алаңға шығарса, ақтөбеліктер 6 легионерге сенім артты.
  • «Қайрат» сапынан Еркін Тапалов алаңнан қуылды. Бұған дейін 2019 жылғы Суперкубокта да алматылық ұжым сапынан Эсеола «қызыл» қағаз алған еді.
  • Дәл қазіргі сәтте Қазақстан Суперкубогын ең көп 6 мәрте "Астана" клубы иеленсе, "Тобыл", "Ақтөбе", "Қайрат" 3 рет топ жарған. "Шахтер", "Ордабасы", "Спартак" командалары кубокты бір мәрте көтерген.

Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан